АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық шорт-трекші оң жамбасына келетін 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Қытайлық Сяоцзюнь Лин 41.592 көрсеткішпен әлем чемпионы атанса, канадалық Джордан Пьер-Жиль (52.289) үздік үштікті түйіндеді.
Жарыс барысында үш бірдей шорттрекші құлап қалды.
Денис қазақстандықтар арасынан әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы шорттрекші атанып отыр.
Айта кетейік, спортшының жеңісіне Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков бастаған бапкерлердің жылдар бойғы қосқан үлесі зор.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).