АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық шорттрекші өзіне қолайлы қашықтық - 500 метрден топ жарды.
Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды.
Бұл - Денис Никишаның биылғы әлем кубогі кезеңдеріндегі төртінші медалі.
Осыдан бұрын Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.
Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып қиды.
Денис Никиша осы жеңісінен кейін мұз айдынында сүйгеніне сөз салды. Ол «Иә», деді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Никишаның әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар қазақстандық конькиші шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).