Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша финал аяқталды.
Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.
Айта кетерлігі, бұл - Денис Никишаның биылғы маусымдағы екінші жүлдесі.
Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлде жеңіп алған болатын.