Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады.
Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163 213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты – 345 (155 190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді - 334 (154 180) келі.
Еске сала кетейік, Аянат Жұмағалидың жастар арасындағы Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болғанын жазған едік. Сондай-ақ ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионы болды.