Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының өкілі Денис Сергиенко Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы XCO дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті. Сергиенко жарыс жолын 1:24:47 уақытта аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Рики Китабаяси жеңіп алды. Үздік үштікті қытайлық Юань Цзиньвэй түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін жастар санатында Юлия Ли XCO және XCC дисциплиналарында екі қола медаль жеңіп алған болатын.

Еске салсақ Қазақстандық гимнаст қыздар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді