Денис Шипп Жоғарғы Соттың судьясы болды

Фото: inbusiness.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы Сотының жаңа судьясы сайланды. Бұл қызметке Денис Шипп келді.

Денис Шипп 1968 жылдың 27 ақпанында дүниеге келген.

1996 жылы Омск Мемлекеттік Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Мансабы:

1994 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Кеден Басқармасында және Қаржы полициясы Департаментінде жұмыс істеді.

Содан кейін 2003 жылдан бастап Петропавл қалалық сотының судьясы, Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.

2012 жылдан бастап Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болды.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

2021 жылдың маусымынан бастап Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды