Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұлдыз - Денис Тен Гран-придің екі кезеңінде өнер көрсетеді. Денис Гран-придің Милуокида (АҚШ) өтетін «Skate America» бастапқы кезеңі мен Бордода (Франция) өтетін «Trophée Bompard» төртінші кезеңіне қатысады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда мәнерлеп сырғанаудан 2015/2016 маусым Гран-при кезеңдеріне қатысушылар құрамының жеребесі болып өтті, деп хабарлайды sports.kz.