Денис Тен алдағы жоспарымен бөліседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең мәнерлеп сырғанаушы, «Астана» президенттік клубының мүшесі Денис Теннің қатысумен баспасөз мәслихаты өтеді. Шара барысында спортшы соңғы жарыстардағы жетістіктерімен қатар болашақтағы жоспары жайында да кеңінен сөз қозғайтын болады.

Айта кетейік, 21 жастағы қазақстандық спортшы 2014/2015 жылғы маусымда ISU (Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағы) жарыстарында 4 мәрте жүлдегер атанған еді. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 9-15 ақпан күндері Сеулде өткен 4 құрлық чемпионатында алтын, 2015 жылдың 23-29 наурызында Шанхайда өткен әлем чемпионатында қола, 2014 жылдың 21-23 қарашасында Бордода өткен Trophée Eric Bombard жарысында қола, өткен жылдың 4-7 желтоқсанында Загребте өткен «Золотой Конек» жарысында алтын медаль еншіледі.