Денис Тен Әлемдік Гран-при ІІІ кезеңінің қысқа бағдарламасында төртінші орынға ие болды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен «Cup of China-ның» қысқа бағдарламасында төртінші орынға ие болды.

Бейжіңде мәнерлеп сырғанау бойынша Гран-придің үшінші кезеңі - «Cup of China» басталды, деп хабарлайды Sports.kz .

Қысқа бағдарламадан соң қытайлық Янь Хан (90,14 ұпай) бірінші, ресейлік Максим Ковтун (81,84) екінші, жапониялық Такахико Козуки (81,62) үшінші орынды иеленді. Қазақстандық Денис Тен 77,05 ұпай жинап, төртінші сатыға орнықты.

Мәнерлеп сырғанау. Гран-при. Үшінші кезең. Cup of China. Бейжің (Қытай)
Ерлер. Қысқа бағдарламадан кейін.

1. Янь Хан (Қытай) - 90,14
2. Максим Ковтун (Ресей) - 81,84
3. Такахико Козука (Жапония) - 81,62
4. Денис Тен (Қазақстан) - 77,05.