«Құрметті достар! Денис Тен сценарийі бойынша «Көзсіз махаббат» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды. Бізге Денистің идеяларын тиімді жүзеге асыру үшін Сіздердің көмектеріңіз қажет», - деді қор өкілдері.
Қор өкілдері мұз айдыны шоуларына келген әр көрерменнен info@denistenfoundation.org электронды адресіне фото, видеоматериал жіберуін сұрады.
Кадрда Денис Тен болуы тиіс.
«Бізге Денис шоуларынан видео керек. Ол трибунадан, сахнадан, дайындық залынан түсірілген болуы мүмкін», - деді олар.
Кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценариімен жазылған «Көзсіз махаббат» киносы АҚШ-та түсірілетінін айтқан болатын.
Махабат туралы фильм Теннің өліміне бір жыл толатын уақытта көрерменге жол тартатын болады.