Денис Тен Азиадада қысқа бағдарламамен өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев бүгін Жапонияда өтіп жатқан VIII қысқы Азиада ойындарында өнер көрсетеді. Бұл туралы Денистің Инстаграмдағы фан-парақшасында хабарланды.

Мәнерлеп сырғанаушылар мұз айдынына Астана уақытымен 15:05-те шығады.

«24 ақпан күні 17:53-те (Астана уақыты) Денис Тен төртінші бой ширатуда 20 нөмірмен шығады», - делінген жазбада.

Абзал Рақымғалиев алтыншы нөмірмен 15:52-де қысқаша бағдарламамен шығады.