«Барлық қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтаймын! Біздің мемлекетіміздің ең басты идеясын көрсететін бірден-бір мереке - осы. Қайғылы болса да, соңғы оқиғалар Қазақстан халқын бір отбасыдай жұмылдырды. Діліміздің осы қасиеті, осы ерекшелігі - көпұлтты Қазақстанның маржаны», - деді ол Инстаграммдағы парақшасында.
«Ақжарқын, көңілді оқиғалар халқымыздың бірлігін нығайтсын, аспанымыз бүгінгідей әрдайым ашық болсын», - деп атап өтті Д.Тен.