Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында 11 орынды иеленді (ВИДЕО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен америкалық Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленді.

Қысқа бағдарламада өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық спортшы 78,55 балл жинап, 12 орынды иеленді. Мұндай нәтижені 151,58 балл жинап еркін бағдарламада да көрсеткен. Қорытынды балл - 230,3.

Испандық  Хавьер Фернандес (314,93) 2016 жылғы әлем чемпионы атанды, екінші орында - жапондық Юдзуру Ханю   (295,17), қола медаль қытайлық Боян Дзинге (270,99) бұйырды.

Атап өтсек, Қазақстан атынан әлемдік біріншілікте мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да бар. Ол қысқа бағдарламадан кейін 12-ші орынды иеленді.  Еркін бағдарламада жарыс 3 сәуірде өтеді. Таңғы 4.50-де   KazSport арнасы көрсетеді.