Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша 12-ші орынды иеленді - ВИДЕО
10:57, 31 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Американың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 12-ші нәтиже көрсетті. Ол 78, 55 балл жинады.
Бірінші орынды 110,56 балл жинаған жапониялық Олимпиада чемпионы Юдзуру Ханю иеленді. Екінші орында - испандық Хавьер Фернандес (98,52), үшінші орын - канадалық Патрик Чанге (94,84) бұйырды.
Еркін бағдарламадағы жарыс 2 сәуірде Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 5.20-да тікелей эфирде KazSport арнасынан көрсетіледі.