«Аты аңызға айналуға лайық чемпион! Жеңіс үшін рахмет!!!», - деп жазды әлеуметтік желілерде Денис Тен.
Еске сала кетейік, бүгін Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Давид Лемьені жеңіп, канадалыққа тиесілі Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион атағына қол жеткізді.