Қысқа бағдарлама басталуға бірнеше сағат қалғанда мәнерлеп сырғанаушы асқазаны ауыруына байланысты мұз айдынына шыға алмайтынын хабарлады.
«Мен осы жарысқа қатысамын деп үміттенген болатынмын, тіпті жаттықтым да. Алайда сырқаттануыма байланысты өзімді әлсіз сезінемін, сол себепті мен турнирге қатыса алмаймын. Маған қолдау білдіру үшін Оберстдорфқа келген жандардан кешірім сұраймын», - деді Тен.