Кездесу Хельсинкидегі әлем чемпионатынан кейін достық шырайда өтті. Еске сала кетейік, соңғы әлем біріншілігінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 16-орынға ие болып, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды.
«Спорт жайлы әңгімелестік. Кезекті Олимпиада астанасын таңдау кезінде «Almaty-2022» таныстырылымы лайықты болғанын еске алдық. Қазақстанға деген ыстық ықыласы және Олимпиада комитеттерінің терең мағыналы ынтымақтастық эволюциясында жаңа белеске жеткізгені үшін Президент мырзаға алғыс білдірдім. Томас Бах Олимпиадалық қозғалысты қалыптастыруда тарихи үлес қосып үлгергенімді айтты. Алайда осы орында тоқтап қалмаймын. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр», - деп жазды спортшы Инстаграмдағы парақшасына.
Еске салсақ, Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін таласқа түсіп, Бейжіңге жол берген болатын.