Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Парақшада ол өзінің АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анжелес қаласында жарнама-сұхбат кезіндегі суретін салып, астына пікірін жазған.
«Мен мұнда «елшілердің» бірі екеніме өте қуаныштымын және миллиондаған қазақстандықтардың арманы орындалады деп үміттенемін» - дейді ол.
Айта кетейік, 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге тек екі қала ғана - Алматы мен Бейжің үміткер ретінде қатысуда. Биылғы маусым айында осы екеуінің қайсысы 2022 жылғы Олимпиада астанасы атанатыны белгілі болады.