Денис Тен конькисіз 3,5 рет қалай айналуды көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 3,5 айналымдық аксельді спорттық аяқ киіммен қалай орындау керектігін көрсетті. Бұл туралы видеоны ол Инстаграмдағы парақшасында жариялады.

Публикация от Denis Ten (@tenis_den) Май 11 2017 в 5:44 PDT


Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әлеуметтік желіде жиі-жиі жаттығу сәтінде түсірілген видеоларымен бөлісіп тұрады.

Естеріңізде болса, Денис Тен сәуір айында Хельсинкиде өткен 2017 жылғы әлем біріншілігінде 16-орын алған еді. Осылайша ол 2018 жылы Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.

Аксель (англ. Axel jump) - мәнерлеп сырғанаудағы ең күрделі секіру түрі.