«Бір жыл бұрын олимпиададағы жүлделі жеңістен кейін жаңа тарихи жетістікке жеттім. Бұл жолы төрт құрлық чемпионатында алтынға қол жетті. Осы үшін спорттан кетпеген едім. Барша қазақстандықтарды осы ерекше оқиғамен құттықтаймын», - деп хабарлады Д. Тен.
09:50, 16 Ақпан 2015
Денис Тен көптен күткен жеңіске жеткенін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеулде өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медальға қол жеткізген Денис Тен осы жеңіс үшін кәсіби спорттан кетпегенін айтып, қуанышымен бөлісті. Бұл туралы ол Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.