«Бүгін таңертең Инчхон халықаралық әуежайына біздің Денис Тен ұшып келді. Олимпиада ауылына қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 11 ақпан күні барады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың 1 сәуірінде Денис Тен Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында 16-орын алып, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
10 тамыз күні Кореядағы «Ice Festa» шоуы қарсаңында жарақат алып қалған болатын.
Кореяның Пхенчан қаласындағы Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Онда спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандықтар спорттың 9 түрі бойынша бақ сынайды.
Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.