«Мен осы кезге дейін фотосуретке неге әуес болғанымды өзім де түсінбеймін. Неге - мысалға. музыкамен. Мұның бәрі шығармаылық әуестік, бос уақытты құр өткізбеу. Бірақ та уақыт өте тапшы, идея көп. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір «идеялар бөгетін» жарып өтуге тура келеді... бұл кезде маған достарым көмеккғе келеді», деп жазды Денис Тен өзінің әуестіктері жайында.
Айтпақшы, өзінің фотожұмыстарын мәнерлеп сырғанаушы Инстаграмдағы @d10world арнайы парақшасына жариялаған. Денистің әуесқойлығын 5 мыңнан астам фолловер бақылауда. Оның аккаунтінде 200-ден аса суреттер мен бейнероликтер бар, онда әртүрлі әлемдік шоуларда Дениспен бірге өнер көрсеткен танымал мәнерлеп сырғанаушылар да көзге түсіп қалады.