«Бүгін менің өнер көрсетер сәтім аяқталып, өмірімнің кезекті тарауы соңына жетті. Мен осынау күрделі кезеңде қолдау білдірген барлықтарыңызға алғысымды білдіргім келеді. Жарты жыл бұрын ғана ауруханада жатып, Олимпиада ойындарына қатысу үшін Кореяға бара алмай қаламын ба уайымдаған едім. Осы маусымды түгел бір ғана мақсатқа - Пхенчхан-2018 ойындарына арнаған болатынмын. Сондықтан, жарысқа қатысуымның өзі жетістік, оны мақтан етемін, аздап көңілімнің құлазып тұрғаны болмаса. Мен бәріне бір уақытта қол жеткізгім келді. Бұл үшін бәрін беруге әзір едім: барлық күш-қуатымды, назарым мен денсаулығымды. Үмітімнің біршамасы ақталмады. Өкінішке қарай...» - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Денис осыған қарамастан «бағасыз олимпиадалық тәжірибеге ие болғанына» қуанышты екенін жеткізді. Ол аталған сайыста жарыс жолына түсіп жатқан барлық қазақстандықтарға табыс тілеп, медаль алған Юлия Галышеваны құттықтады.
«Тарихтағы бірінші медальің - бұл ұмытылмас тарих. Әсіресе, ол әлемдік қана емес, ұлттық, бірақ ең алдымен жеке болған жағдайда. Бұл менің есімде», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада өнер көрсеткен Денис Тен 70,12 ұпай жинады. Ұпай саны жетіспеген Тен үздік 24 спортшының қатарына іліге алмады. Осылайша, ол жарыс жолынан шығып қалды және еркін бағдарламада өнер көрсете алмайды.
Дорогие друзья. • Сегодня завершились мои выступления и подошла к концу очередная глава моей жизни. • Я хотел бы поблагодарить каждого из вас, кто поддерживал меня в этот нелегкий период. • Оказавшись в госпитале буквально полгода назад, я волновался, что не сумею вернуться в Корею для участия на Олимпиаде. • И весь этот сезон был посвящён одной лишь цели, которую я поставил ещё четыре года назад — Пьенчанг 2018. • Потому, одно лишь участие на играх стало достижением, которым я горжусь, пусть и с небольшим осадком разочарования. • Мне хотелось всего и сразу. Ради этого я готов был отдать все: все силы, внимание, здоровье. • Не все жертвы оправдались. К сожалению. • Но несмотря на это, я рад оказаться частью ещё одного бесценного Олимпийского опыта. • Желаю удачи всем нашим спортсменам на предстоящих соревнованиях, а также от души поздравляю главную героиню нашей сборной - Юлию Галышеву с исторической медалью. • Первая в истории медаль - это та история, которую невозможно забыть. • Особенно когда она не только мировая или национальная, но и прежде всего личная. • Я помню.
Публикация от Denis Ten (@tenis_den) Фев 16, 2018 в 7:51 PST