АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Ресейде өткен «Rostelecom Cup - 2017» Гран-при турнирінде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол «Rostelecom Cup - 2017» Гран-при турнирінде 214.35 ұпаймен 9-орыннан көрінді. Бұл додада бірінші орынды 293.79 ұпай жинаған америкалық Натан Чен жеңіп алса, екінші орынды 290,77 ұпаймен жапондық спортшы Юзуру Ханью қанжығасына байлады. Үздік үштікті 271,06 ұпай жинаған ресейлік Михаил Коляда түйіндеді.
Айта кетейік, Денис Тен бұл сында мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d'un terrien en détresse» композициясымен шықты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.