Тен 97,61 ұпай жинап, маусымның қысқа бағдарламадағы үздік көрсеткішіне қол жеткізді. Екінші орында 88,90 ұпай жинаған жапондық Шома Уно, үшінші орында Қытайдың мәнерлеп сырғанаушысы Хань Янь (87,34 ұпай) тұр. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 57,54 ұпаймен 19-шы орын алып, еркін бағдарламаға өтті.
Тен мен Рақымғалиевтен басқа «Төрт құрлық жарысына» Қазақстан атынан Ілияс Әли мен Карина Узурова би жұбы шығатынын қосып өтейік. Айта кеткен жөн, ақпан айының басында Денис Тен Мәдениет және спорт министрлігінің нұсқасы бойынша 2014 жыл спортшысы болып танылған еді.