Ерлер арасындағы жеке сырғанаудан бірінші және екінші орынды жапондық қос спортшы Такахито Мура мен Такахико Кодзука иеленді. Үшінші орын қытайлық Сунь Наньға бұйырды.
Бұл чемпионатта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша бесінші орын иеленді. Ал еркін бағдарламаның нәтижесінде 226,37 ұпай жинап төртінші орыннан табылды. Сондай-ақ еліміздің тағы бір спортшысы Абзал Рахымғалиев 184,13 ұпаймен 13 орынға табан тіреді.