Қысқы Олимпиаданың алтын медалін американдық спортшы Эван Лайсачек (257,67 балл) жеңіп алды. Ал Ресейдің үкілеген үміті Евгений Плющенко 256,33 балл жинап екінші орынды қанағат тұтты. Ал қола медальді Жапонияның өкілі Дайсуке Такахаси иеленді, ол 247.23 ұпай жинай алды.
Естеріңізге сала кетейік, спорт шолушыларының айтуынша, Олимпиададағы дебютіне қарамастан, Денис Тен жақсы өнер көрсете алды.