Денис Тен Жапониядағы командалық әлем чемпионатына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Денис Тен 16-19 сәуірде Токиода өтетін ISU мәнерлеп сырғанау бойынша командалық әлем чемпионатына қатысу үшін Жапонияға аттанбақ.

World Team Trophy ұйымдастырушылары жарысқа регламент бойынша командалар ғана қатысатындығына қарамастан, Денис Тенге шақырту жіберген.

Жапондық мұз айдынында 2014/2015 маусымда ISU рейтингінде мықты алтылыққа кірген ұлттық құрамалар медальға таласатын болады. Жарысқа Денис Тен қатыса алмайды, ал Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың басқа түрлерінде үздік спортшылар әзірге жоқ.

Еске салсақ, Денис 2014/2015 маусымында 8 медаль (5 алтын 3 қола) ұтты, ол World Team Trophy-дегі төрт құрлық чемпионы дәрежесінде шығады.

World Team Trophy төртінші рет өтуде және 2014/2015 маусымындағы ISU жарыстар күнтізбесін жабады. Токиодағы медаль үшін Ресей, АҚШ, Жапония, Канада, Франция және ҚХР құрамалары жарысқа түседі.