«Биыл мен үшін өте қиын болды. Осы маусымда жарақаттан толық айыға алмадым. Десе де, ата-бабам туған мекенде Олимпиада ойындарында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мақтан тұтамын!
Қандай қателіктерге бой алдырғанымды жақсы сезініп тұрмын. Күнде ұйқыдан оянғанда аяғымның жарақаты бар екенін сезіп оянамын. Сондықтан «жарақатымен жарысқа шығамын» деген ой көкейімде тұрады. Мен үшін психологиялық тұрғыдан бұл ауыр тиеді. Алдағы уақытта жарақатымнан толықтай сауығып кетсем, үлкен спортты жалғастыра беретін шығармын. Негізі, «Сочи Олимпиадасынан кейін спорттан кетемін» деген ой болған. Оны уақыт көрсете жатар.
Біздің Қазақстанда жалпы қысқы спорт мектебі бар. Сочиде мен жүлде алсам, міне, Пхенчханда Юлия Галышева елімізге алғашқы қола медалді салды. Мен оны жеңісімен құттықтаймын», - деді Денис Тен.
Еске сала кетсек, бүгін Денис Тен жеке өнер көрсететін қысқа бағдарламадан 70,12 (30,77 39,35) ұпай жинады.
Фото:Изтургана Алдауева