Денис Тен жарақатына байланысты Төрт құрлық чемпионатына қатыспайтын болды
14:09, 17 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен жарақатына байланысты Төрт құрлық чемпионатына қатыса алмайды. Бұл туралы спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында хабарланды, ресми ақпаратты сондай-ақ Твиттерде жарыстың ұйымдастырушылары да орналастырды.
Төрт құрлық чемпионаты - Америка, Азия, Африка және Мұхит елдері арасынан Австралия мәнерлеп сырғанаушылары арасында өтетін жарыс. Жарыс 2016 жылдың 16-21 ақпан күндері Тайбэйде өтпек.