«Пациент сағат 15:23-те ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдемді тұрғындар шақырған. Ол есінен танып жатқан. Қан көп жоғалтқан. Гемолитикалық шокпен түсті. Жағдайы өте ауыр десек болады. Барлық қолдан келген шараларды жасап жатырмыз. Қосымша қан қажет емес, ресурс жеткілікті», - деді Серікжан Мусинов.Еске сала кетейік, бүгін спортшы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.
Денис Тен оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Қазіргі таңда ауруханада осыған байланысты түрлі сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.