Шоуға қатысушы 3 қыздың киім шешетін бөлмесінен қымбат айпадтар, ұялы телефон, ноутбук пен 5 мың АҚШ доллары ұрланған. Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланды.
«Күзетшілерді, қызметкерлер құрамын және шоуды ұйымдастырушыларды жан-жақты сұрастырғанда, жедел тергеу амалдарына жәрдем беретін мәліметтер алынған жоқ. Дегенмен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері 48 жастағы ШҚО-да туған азаматты ұстап, ол ұрлық жасағандығын мойындады»,-делінген хабарламада.
Күдіктіден ақшаның бір бөлігі мен ұрланған ұялы телефондардың бірі алынды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде, күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.