Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов аталмыш турнирде алтын медаль иеленді. 81 келіге дейінгі салмақта отандасымыз алдына жан салған жоқ. Қоссайыста 325 келі нәтижені (145 180) көрсетіп, халықаралық турнирде топ жарды.
Денистен бөлек, аталмыш турнирде Илья Ильин де өнер көрсетеді. Илья 96 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғайды.
Қазақстан атынан аталмыш біріншілікке Илья Ильин (96 келіге дейінгі салмақта) мен Денис Уланов (81 келіге дейінгі салмақта) қатысатыны осыған дейін хабарлаған болатынбыз.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан хабарланғандай, аталған чемпионатта кем дегенде қола медаль алғандар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады.