«Денистің достары» Алматыда мұзды шоу өткізді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда танымал қазақстандық спортшы Денис Тенді еске алуға арналған мұзды шоу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Оған «Денистің достары»бағдарламасында әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары қатысты. Мұзды шоу Дениске жол көрсетіп, бағыт сілтеген бапкерлерге құрметкөрсетуден басталды. Жанкүйерлер Фрэнк Кэрролл мен Елена Буянованы (Водорезова)құрметпен қарсы алды.

Сондай-ақ, Алматықаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаевкештің қадірлі қонақтары қатарында болды. Әлемдік мәнерлеп сырғанауспортының жұлдыздарын Қазақстанға шақырып, шоу ұйымдастыруды Денистің өзібастаған болатын. Алғаш рет еліміздегі мұзды шоу 2013 жылыұйымдастырылды. «Денис пен оның достары» деп аталатын шоу-бағдарламақазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер арасында да үлкен танымалдыққа ие болды.

Шоуды тамашалау үшінәлемнің бірнеше мемлекетінен туристер арнайы Қазақстанға келетін. Ал шоуқатысушылары «Денис пен оның достары» жоғары деңгейде ұйымдастырылатын,мәнерлеп сырғанау әлеміндегі теңдессіз жобалардың бірі екенін алғатартады. Денис ұйымдастырған әрбір шоу қызыққа, шынайылыққа толы болатын.Ең бастысы – халықты бір арнаға тоғыстырып, Қазақстанды бірлігі жарасқан елретінде көрсету туралы үлкен арманы сақталды. Бүгінде оның бастаған ісіаяқсыз қалған жоқ. Чемпионды еске алу үшін биыл да жанкүйерлер мен оныңдостары, мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары Алматыға жиналды.

Арнайы ұйымдастырылғаніс-шараға Мао Асада, Елена Радионова, Кейтлин Вивер, Эндрю Поже,Иван Букин, Александра Степанова, Мура Такахито, Сергей Воронов, Мари ПьерЛерай, Софья Шевченко, Егор Еременко, Дабин Чой, Джереми Эббот сынды Денистіңдостары жиналды.