Заң бұзушылық фактісі анықталғаннан кейін бірден санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, құқық қорғау органдары және экологиялық бөлімшелердің қатысуымен кешенді тексеру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Жедел шаралар шеңберінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Кемел» ЖК өкілдері жалпы көлемі 144 килограмды құрайтын анықталған медициналық қалдықтарды жинауды жүзеге асырды. Барлық материал тәркіленіп, кәсіпорын аумағына орналастырылды және заттай дәлелдеме ретінде мөрленді.
Қоршаған ортаға және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға ықтимал әсерін бағалау мақсатында мамандар топырақтан сынамалар алды. Зертханалық зерттеулер микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар анықталған заң бұзушылық орны мен оған іргелес аумақта толық көлемде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық қалдықтармен дұрыс жұмыс істемеу фактілері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды өрескел бұзу ретінде қарастырылатыны және халық денсаулығына әлеуетті қауіп төндіретіні атап өтілді.
Тексеру материалдары құқықтық баға беру үшін уәкілетті органдарға жіберілді. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Зертханалық зерттеулердің алдын ала нәтижелері 3–7 күн ішінде белгілі болады деп күтіліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да табылған медициналық қалдықтардың жай-жапсары белгілі болғанын жазған едік.