Денсаулық сақтау министрлігі облыстық ауруханаларды жаңарту жоспарын ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдан бастап Қазақстанда мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында облыстық стационарларда бейінді бөлімшелер барлық жерде ашылады. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде облыстық ауруханаларды ауқымды жаңарту мәселесі қаралды. 2026 жылдан бастап Қазақстанда мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында облыстық стационарларда бейінді бөлімшелер ашылады.
— 2026-2028 жылдардың ішінде еліміздің 17 өңірінде барынша талап етілетін кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, ревматология және гематология сияқты бағыттар бойынша көмек көрсетуге бағдарланған 48 жаңа бейінді бөлімше құрылады.
Барлығы 906, оның 400-ге жуығы балаларға арналған төсек ашу жоспарланып отыр, бұл ересектер мен балалар үшін мамандандырылған көмекке қолжетімділікті едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, — делінген ДСМ хабарламасында.
2026 жылы мамандандырылған медициналық көмекке қажеттілігі жоғары өңірлерде Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және Жетісу облыстарында 25 бейінді бөлімше жұмысын бастау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі бейінді қызметтердің қаржылық тұрақтылығын нығайту жөнінде шаралар қабылдауда. Биыл медициналық көмек көрсету тарифтерін:
* пульмонология бойынша — 75%-ға;
* ревматология бойынша — 24%-ға көтеру туралы шешім қабылданды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы кардиология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология сияқты төрт негізгі ересектер мен балалар бейіні бойынша тарифтерді шамамен 50%-ға көтеру жоспарланып отыр.
Осы шараларды іске асыру:
* мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға;
* бейінді бөлімшелерді қаржыландыруды жақсартуға;
* медицина қызметкерлерінің уәждемесін күшейтуге;
* жалпы облыстық стационарлар деңгейінде терапиялық буынды нығайтуға мүмкіндік берді.
2026 жылы стационарлық медициналық көмекті қаржыландыру 8%-ға ұлғайтылады және шамамен 700 млрд теңге.
Осылайша, ересектер мен балаларға арналған облыстық стационарларды жаңарту шеңберінде халықтың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған өңірлерде уақтылы, сапалы және қолжетімді медициналық көмек алу үшін жағдайлар жасалады.
Айта кетелік шетелден жеткізілген дәрі-дәрмек тыңғылықты тексерілетіні туралы жазған едік.