Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы еліміздің қан қызметі 250 мыңнан астам донацияны қамтамасыз етті. Күн сайын республика бойынша қан орталықтарына 1000-ға дейін ерікті донор келіп, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп отыр.
- Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту да ерекше маңызға ие. 2025 жылы Қазақстанда 168 гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау жүргізіліп, ағзаларды трансплантациялау үшін 10 мыңнан астам иммуногенетикалық зерттеу жасалды, - дейді Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Сания Абдрахманова.
Айта кетейік, елде 4 506 адам донорлық ағза кезегінде тұр.