Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ержан Нұрлыбаев ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. 

Ержан Нұрлыбаевтың екбек жолы

Қарағанды қаласының №1 көпбейінді клиникалық ауруханасының дәрігер-хирургі, директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары(2000-2007)

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы (2007–2010)
Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығының директоры (2010–2012)
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының директоры (2012)
Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығының директоры (2012–2014)
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы (2014–2021)
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының директоры (2021–2024)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болды (2024-2025 жж)