Мамандар зерттеулерінде кофені бір тәулікте 3-5 кесеге дейін ішуге болатынын көрсеткен. Алайда, ғалымдар құрамында кофеин бар алкогольді сусындардың денсаулыққа қауіпті екенін ескертті. Одан үзілді-кесілді бас тарту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, сарапшылар балалар мен жасөспірімдерге кофе ішуден бас тарту қажет екенін және жүкті әйелдерге бір күнде күндізгі уақытта 2 кеседен артық кофе ішпеу керекетігін жеткізді.