Жаңа зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, сабақта түрегеп тұрған оқушының белсенділігі отырғанға қарағанда 12 пайыз жоғары екенін көрсетті. Олар сабаққа сергек қатысып, мұғалім сұрақтарына ықыласпен жауап берген.
Сонымен қатар, бұған дейін ғалымдар сүйеніп тұратын парталардың бала денсаулығына да пайдасы бар екенін нақтырақ айтқанда, «семіздік» ауруының алдын алатынын айтқан. Олардың айтуынша, түрегеп тұрған баланың ағзасында колория 15 пайызға дейін белсенді тарайды.