Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Назарбек Бейсеннің айтуынша, болашақта денсаулық сақтау саласында телерна ашылуы мүмкін. Ол салауатты өмір салтын насихаттап, аурудың алдын алу мен одан қалай емделудің жолын көрсетпек.
15:41, 11 Мамыр 2011
«Денсаулық» атты жаңа телеарна ашылуы мүмкін - Назарбек Бейсен
АТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда алдағы уақытта денсаулық сақтау саласына арналған жеке телеарна ашылуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Алматыда денсаулық сақтау саласының ХVIII «KIHE-2011» көрмесінің ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.