ДЕНСАУЛЫҚ: Қуатыңыз сарқылмасын десеңіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам өзінің бойындағы қуатты да қызметіне, адамдар мен қарым-қатынасына, өмірлік мақсат-мүддесін үйлесімді етіп тәрбиелеуі қажет. Ол үшін күш- қуатын қалай дұрыс пайдаланып, қыры-сырына қалай терең қанығуға тиіс, соған көңіл бөлгені абзал.Сонымен, табиғи энергетикалық және жаңа «қалыпты» энергия деңгейін сақтауға көңіл аударыңыз.

Позитивті сақтаңыз

Позитивтік өмірге икемделу дұрыс әрі жинақы ойлау мен дененің қалыпты жағдайына оң әсерін тигізеді.

Дұрыс демалуды үйреніңіз

Қызмет пен демалыстың орны үйлесімді болғаны дұрыс. Тым белсенділік, демалыссыз жұмыс істеу ертелі-кеш қуатыңыздың сарқылып, оның қалпына келу үдерісін баяулатады. Сондай -ақ жалқаулық та адам ағзасын құнарлы қуатпен аз қамтуға «үйретеді». Сегіз сағаттық тыныш ұйқыны бастан өткеру ағзадағы күш-қуатыңыздың жеткілікті деңгейін қалпына келтіре алады.

Қуат көзінің сарқылуына жол бермеңіз

Біздің өмірімізде қуаттың сарқылатын жолдары көп. Энергетикалық қуаттың сарқылуы қай кезде орын алатынынан бейхабармыз. Энергетикалық қуатқа жолдағы кептелістер, неондық жарық, бірсарындылық, қатты күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, өмірдің жағымсыз жақтары, у-шу, ауа сапасы, су, тамақ және т.б.

Уақытты көңілді өткізіңіз

Өзіңіздің көңіліңізге жағатын көңілді отырыстар, шығармашылық шабыт, шын жүректен шыққан қарапайым күлкілер және ешқандай күштеуді қажет етпейтін талап-тілектер бойдағы қуаттың артуына септігін тигізеді.