Аталған шара EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған.
Марафонды «Алматы» ауданы әкімінің аппараты мен Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп, Астана қаласы Жастар саясаты және Дене шынықтыру және спорт басқармаларының қатысуымен ұйымдастырылады.
Шара барысында Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Бақтияр Артаев қала тұрғындары мен қонақтарымен таңғы жаттығу жасайды.