Күйзеліске қарсы тағы бір азық - сүт. Оны энергияның қосымша көзі ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, зерттеулер көрсеткендей, сүт жүйкені тыныштандырады.
Бадам - В2 және Е дәрумендерінің бағалы көзі. Осы екі дәрумен күйзеліс кезінде өте үлкен белсенділік таныта алатын иммун жүйесін нығайтады. Сондықтан, бадам жаңғақтары өте пайдалы.
Апельсинді тұрақты түрде жеу керек. Апельсин шырынын да ішуге (бір стақан жеткілікті) болады. Ол - күйзеліс деңгейін күрт төмендететін С дәруменінің нағыз қоры.