«Бұл қызметтік әдепті қатаң түрде бұзу болып табылады. Бұл, басшылардың басқару тәуекелдерін дұрыс түсінбеуінен туындауы мүмкін», - деді министрлік басшысы «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, WhatsApp мессенджері мен Facebook әлеуметтік желісінде медициналық мекемелердің бірінде өткен жиналыстың видеосы жарияланып, онда бас дәрігер жоспарды орындау үшін науқастардың «қалтасын қағу» қажеттігін айтады.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен құрылған комиссия бейнежазба 2015 жылы №4 қалалық клиникалық аурухананың жиналыстарының бірінде түсірілгенін анықтады. Кеңесті емхананың бұрынғы бас дәрігері Аманов өткізген. Кадрлық ауыс-түйіс аясында 2016 жылы ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға ауыстырылды.
Кейін белгілі болғандай, "әдепсіз" дәрігер алып отырған қызметінен босатылды.