Денсаулық министрлігі бір бүйрегін берген азаматтың қайтыс болғанын растады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы Серік Жарықов Алматы қаласында бір бүйрегін беруге келіскен адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Аталған донор бір адамның туысы болған. Трансплантацияның өзі Алматыдағы №7 клиникалық ауруxанада жасалды. Пациент 28 жаста еді. Ол өз туысына сол жақ бүйрегін беруге келіскен. Ота сәтті жасалды. Алайда он екі күннен кейін оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Өкінішке қарай, пациент қайтыс болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр. Сот-медициналық сараптамадан кейін дәрігерлердің қызметі қаншалықты дұрыс болғаны анықталады", - деп атап көрсетті Жарықов.

Оның айтуынша, Қазақстанда транслантология 1979 жылы қолға алынды. Бірақ оның кеңінен қолданылуы 2012 жылы елімізде алғаш жүректі алмастыру отасы жасалғаннан кейін басталды. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігі осы саланы одан әрі дамытуға мүдделі. Алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбе қалаларындағы трансплантология орталықтарынан бөлек, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында жаңадан екі орталық ашу жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар