9 маусымдағы мәліметке сәйкес, елімізде 22 821 адам коронавирус инфекциясынан (21 850 КВИ және 971 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
- 7 640 пациент стационарда,
- 15 181 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандар арасында:
- 538 адамның жағдайы ауыр,
- 114 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.