Жүзімнің қабықшасы мен дәнінен алынатын ресвератролды қабылдаған бақылаудағы адамдарда 16 аптадан кейін сүйек және шеміршек талшықтарының одан да жедел өсуі мен жаңаруы білінген. Алайда, мұндай нәтижеге жету үшін ресвератролды тұтыну мөлшері көп болуы керек. Бұл ретте, ғалымдар қызыл шараптың ресвератролдың «көзі» емес екенін, сүйек пен буындар үшін одан да жүзім сығындысы мен оның қантсыз шырыны пайдалы екенін айтады.