Пойыз 11 тамызға дейін оңтүстік өңірлерді аралайды. Көшпелі емхананың қызметіне шалғай стансалар мен жол айырықтарының тұрғындары мен теміржолшыларды жүгінеді.
Мамырдың ортасынан бері солтүстік өңірлерді медициналық қызмет түрімен қамтуға «Саламатты Қазақстан» кеңес беру және диагностикалық қызмет пойызы алыс елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсетуде.
Батыс өңірдің тұрғындарына «Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлер бригадасы қызмет көрсетуде.
«Шоққарағай стансасында тұрамын. 26 жыл жол жөндеуші болып еңбек еттім. Қазір құрметті еңбек демалысындамын. Мамандардың дәрігерлік тексеруінен өттім. Осындай пойызды ұйымдастырғандарға алғысым шексіз», - дейді Валентина Максимович.
Арнайы медициналық пойыз соңғы үлгідегі диагностикалық және емдеу құрылғыларымен, мини-оташылық, зертханалық, телекоммуникациялық қондырғылармен жабдықталған.
«Саламатты Қазақстан» мен «Жәрдем» медициналық пойыздары 40 стансада болып, шалғай өңірдегі 39 мың тұрғынға қолұшын созды.
Мамандар 13 мың медициналық және зертханалық сараптаулар мен 1 638 шағын ота жасады. 1 784 адамның тісін емдеді.