деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Сауықтыру шарасына қатысушылардың пайымдауынша, емделушілердің негізгі бөлігі көз дәрігері, кардиолог, терапевт мамандарға қаралады екен.
Екінші бағдарда шалғай стансылардың тұрғындары 28 адамнан тұратын пойыздағы маман дәрігерлердің 28025 рет қабылдауында болған. Яғни, әрбір емделуші шамамен үш дәрігерге қаралған. Маман дәрігерлер он мыңнан астам медициналық және зертханалық зерттеу жұмыстарын жасады. 157 рет шағын ота жасалса, 2126 адам тістерін емдетті. Теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелері ішкі ағзалары мен қатерлі ісік ауруларынан да алдын ала қаралды.
Биылғы жылғы 2 шілде мен 29 қазан аралығындағы екі бағдарда маман дәрігерлердің көмегіне 23980 адам жүгінді. Ал, дәрігерлерге қаралған жандардың саны 73 мыңға жақындады. «Денсаулық» емдеу- сауықтыру пойызы алғашқы бағдарда 34 стансаға, екінші бағдарда 23 стансаға аялдады. Барлығы 7533,5 шақырым жол жүріп өтті.
Арнайы мамандандырылған «Денсаулық» поезы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жасақталды. Мемлекеттік маңызы зор шара барысында 3-5 сыныпты шалғай стансыдағы теміржолшылар ғана емес, басқа да тұрғындар сапалы медициналық қызмет түрлерімен қамтылды.
Қазақстандықтардың арасында медициналық қызметке мұқтаж жандардың көптігін ескере келіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы 2011 жылы да осы дәстүрді жалғастырып, «Денсаулық» поезын оңтүстік және батыс өңірге сапарға шығаруды ойластырып отыр.